НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаңалықтар
ИРАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРЫ

ИРАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРЫ

ИРАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРЫ Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Иран Ислам Республикасынан ресми делегация келді. Делегация құрамында:Иран тарапынан:• Ahmadi Suna (Ахмед Суна) – Бас консул• Aqazadeh Hossein (Хоссейн Ағазаде) – Бас консулдың атташесі• Indira Abdikhalikova (Индира Абдикалыкова) – Аудармашы• Nooradil Dosmurat (Нурадин Досмурат) – Консулдық маманыУниверситет тарапынан:• Доктор Мұхаммед Уирдәни – Исламтану факультетінің деканы• Доктор Ахмет Кәмәл – Филология факультетінің деканы• Доктор Мұхаммед

Студенттер Имам Жазари жазған «Муқаддиматул Жазария» мәтінін ұстаз Бердімұратов Бекболат жетекшілігімен толық меңгерді

Студенттер Имам Жазари жазған «Муқаддиматул Жазария» мәтінін ұстаз Бердімұратов Бекболат жетекшілігімен толық меңгерді

Студенттер Имам Жазари жазған «Муқаддиматул Жазария» мәтінін ұстаз Бердімұратов Бекболат жетекшілігімен толық меңгерді Қазан айының басынан бері университет қабырғасында қырағат ғылымы бойынша маңызды оқу курсы өтті. Студенттер осы кезеңде әйгілі Имам Жазари жазған «Муқаддиматул Жазария» мәтінін ұстаз Бердімұратов Бекболат жетекшілігімен толық меңгеріп, сәтті аяқтады.Курс барысында шәкірттер мәтіннің мазмұнын, тәжуид қағидаларын және қырағат ілімінің негіздерін жүйелі түрде оқып шықты. Осылайша бірнеше апталық білім сапары аяқталып, студенттер

«Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі» атты моногарфиясы жарық көрді

«Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі» атты моногарфиясы жарық көрді

Сүйінші – дана! Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының PHD доктор, қауымдастырылған прфоессоры Мұхан Исаханның «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі» атты моногарфиясы жарық көрді. Монография кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы билеуші топ өкілдері, әскери институттар мен лауазымдар, сот билігінің өкілдері, өнер иелері, әлеуметтік тап өкілдері, дін қызметкерлерінің статустары

Қырғызстандық докторанттар Нұр-Мүбарак университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Қырғызстандық докторанттар Нұр-Мүбарак университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Қырғызстандық докторанттар Нұр-Мүбарак университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы Ишеналы Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің 8 докторанты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтіп жатыр.Оқу бағдарламасы аясында докторанттар отандық және Мысырлық профессорлардың дәрістерін тыңдап, заманауи ғылыми әдіснаманы терең меңгеруде. Сонымен қатар олар университеттің кітапханаларымен танысып, ғылыми ақпараттық дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруде.Бұл тағылымдама екі ел арасындағы академиялық байланысты нығайтып қана қоймай,

«ZETA» компаниясының басшылығы Омаров Қанат Байтенұлы Нұр-Мүбарак университетінде қонақта болды

«ZETA» компаниясының басшылығы Омаров Қанат Байтенұлы Нұр-Мүбарак университетінде қонақта болды

Бүгін университетімізге “ZETA” компаниясының басшысы Омаров Қанат Байтенұлы арнайы қонақ болып келді. Кездесу барысында университет жай күйімен танысып, жаңадан салынып жатқан құрылыс жайында сөз қозғалды. “ZETA” - әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейге қойған ірі компаниялардың бірі. Олардың университетке жасаған қолдауы студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған үлкен қадам болып табылады. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті атынан “ZETA” компаниясына көрсеткен ерекше қолдауы үшін зор алғыс айтамыз. Университетіміз студенттер

Кафедралар

FAQ - Жиі қойылатын сұрақтар

Нұр-Мүбарак университеті туралы ақпарат

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді.

Университет қаламыздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асхана жұмыс істейді.

Нұр-Мүбарак университетінде қандай мамандықтар бар?

Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Бакалавриат бөлімінде:

  1. Исламтану(4 жылдық) — қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері;
  2. Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  3. Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  4. Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  5. Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  6. Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  7. Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  8. Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  9. Аударма ісі (араб-ағылшын, ағылшын-араб) — 4 жылдық;
  10. Шетел филологиясы (араб-ағылшын, ағылшын-араб) — 4 жылдық

Магистратура бөлімінде:

  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.

Докторантура бөлімінде:

  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.
Университетке қабылдану үшін қанша балл жинау қажет?

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына қабылданудың шекті балы -50. Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының шекті балы -75. Бұл ретте ҰБТ және Шығармашылық емтиханның әрбірінен 5-тен жоғары балл жинау талап етіледі.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер университетке түсу үшін қашаннан бастап құжат тапсыра алады?

Биыл мектеп бітіруші талапкерлер үшін бектілген пәндер бойынша ҰБТ тапсыруы міндетті. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.

Мемлекеттік білім грантына қалай ие болуға болады?

Университетте барлық мамандықтар бойынша грант қарастырылған. Маусым айында тапсырылған ҰБТ мен шығармашылық емтиханда шекті балды жинағанталапкерлер 13-20 шілде аралығында Білім гранты конкурсына қатысуға өтініш береді. Емтихандардан жоғары балл жинаған талапкер конкурс нәтижесі бойынша грант иегері атанады.

Университетке түсу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

1) Өтініш;

2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3) 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;

4) 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

5) 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

6) Жеке куәлік көшірмесі қатарлы құжаттар талап етіледі.

Университетке қабылданған жағдайда жатақханадан орын беріледі ме?

Университетте 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі.

Фотогалерея