Бүгін елордада өткен Нұр-Мүбарак университетінің Қамқорлар Кеңесінің кезекті отырысында 4 жылдық атқарылған жұмыстар есебі жоғары бағаланды.

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

Осы орайда бүгін университет басшылығын жаңа кезеңге қайта сайлау барысында ректор, профессор Мұхаммад әш-Шаххат пен Қазақстан тарапынан басшы проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев алдағы мерзімге бірауыздан қайта сайланды. Қамқорлар Кеңесінің тең төрағалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Мысыр Араб Республикасы Уақыфтар министрі Мұхтар Жұма, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа уақытқа жолдама алған қос басшыны құттықтап, сенімдерін білдірді.

Қамқорлар кеңесінің 8-ші отырысының күн тәртібінде 10 мәселе қаралып, әрқайсысына нақты қаулы қабылданды. Кеңестің келесі мәжілісі Каир қаласында өткізуге шешім қабылдады.