Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды. Алқалы жиын алғысөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларының басын қосып, диалог орнату Қазақстан үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСУДА

«Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды. Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында»,- деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бұл съезге Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат, проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев бастаған ғалымдар  тобы қатысуда. НМУ делегациясы қатысқан бүгінгі пленарлық мәжілісте, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнеүндеу жолдаса, Сенат Төрағасы – хатшылық басшысы Мәулен Әшімбаев жиынға модераторлық жасады. Биылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Мысырдағы әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайыб, Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Франциск, Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Митрополит Волоколамский Антоний, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф т.б дін қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ алқалы жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Ресей мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир қажы Ракиев, Тәжікстан Ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода, Мысырдың Уақып министрі Мұхтар Жұма, Сауд Арабиясының Ислам істері, шақыру және нұсқаулық министрі Абдулатиф ибн Абдулазиз аш-Шейх т.б дін қайраткерлері қатысуда деп хабарлайды www.muftyat.kz .

Екі күнге жоспарланған халықаралық жиында төрткүл дүниеден жиылған дін қайраткерлері пленарлық бөлімнен соң, секциялық отырыстарға бөлініп, күн тәртібіндегі тақырыптарды талқыламақ.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.