Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде жаңа докторлық диссертацияның алдын ала қорғауы өтті.

ДОКТОРАНТ Н.СТАМБАКИЕВ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУ ЖАСАДЫ

Болашақ диссертант Нұржан Стамбакиевтің «Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы институттарының қалыптасуы және қызметтерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы Исламтану кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланды. Дегенмен алқалы жиынға жас ғылым ізденушілер, магистранттар, докторанттар да қатысты.

Докторлық диссертацияның ғылыми жетекшісі әрі Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев алғаш 2012 жылы ашылған магистратура мен докторантура бөлімдері мен түлектеріне қатысты шолу жасап өтті. Ал алдын ала қорғауға ұсынылған диссертациялық зерттеуге оң пікірін білдіріп, еліміздегі ислам қаржы саласындағы тың тақырыпқа қатысты жаңа зерттеудің қорғауға лайық екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ шетелдік кеңесші PhD, профессор М.Кахфтың пікірі оқылды.

Диссертант Н.Стамбакиев ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі, нысаны, зерттеудің мақсаты мен пәні, кезеңдері, зерттеу әдістері мен деректері, міндеттер мен тұжырымдар, ғылыми жаңалықтарын баяндап, ғылыми диссертациясымен таныстырып өтті. Ал сын пікір беруші PhD, доцент Р.С. Мұхитдинов зерттеудің артықшылықтарымен қатар ескертулерін айтса да, диссертациялық жұмыстың қорғауға лайық екендігін атап өтті. Сондай-ақ Ислам ілімдері факультетінің деканы PhD, доцент Юсуф Хиндауи ғылыми жұмыстың өте жоғары әрі кең зерттеулермен жазылғандығын атап өтіп, қорғауға лайық деген пікірін білдірді.

Тыңдаушылар тарапынан да сауалдар қойылды. Алдын ала қорғау өткен Исламтану кафедрасының кеңейтілген отырысының модераторы PhD доктор Асқар Әкімханов басқосуды қорытындылай келе, диссертациялық жұмысты оң қорытындымен негізгі қорғауға өткендігін хабарлады.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.