Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің қаза болуына байланысты Иран еліне көңіл айтты.

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

iran elchiligi1

Алматыдағы Иран Республикасының Бас консулдығына арнайы зиярат еткен ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххатты көмекшісі Рахымжан Әкімбековпен бірге Бас консул Мохсен Фағани арнайы қабылдады.
Кездесу барысында НМУ ректоры бұл қайғылы оқиғаның Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы үшін де ауыр тигенін атап өтті. Бас консул Мохсен Фағани де мәртебелі меймандарға алғысын білдіріп, қиын сәтте қолдау танытқан ізгі жандарға Алланың разылығын тіледі.

Естеріңізге салсақ, Иранның үкімет делегациясы мінген тікұшақ 19 мамырда Әзербайжанмен шекарадағы жаңа су торабын іске қосу рәсімінен келе жатқан жолда апатқа ұшырады. Тікұшақ тұманды ауа райынан таулы және орманды аймаққа құлағаны хабарланды. Оқиға орнында Иран Президентімен бірге елдің Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, ИР Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған. Президент кортежіндегі бірге ұшып келе жатқан екі тікұшақ Тебризге аман-есен қонған. Апат себептеріне қатысты сарапшылар сан түрлі болжамдар жасауда.

Алматыдағы Иран Бас консулымен кездескен НМУ ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат, қаза тапқан Иран басшысы мен өзге де ресми тұлғаларға Алладан рахым мен халқына сабыр тіледі.