Нұр-Мүбарак университеті оқытушы-профессорлары, ғалымдарының білімін көпшілікке қолжетімді ету мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Нұр-Мүбарак       онлайн академиясы» жобасының жетекшісі Естай Қалмұрат мәлімдеді.

«НҰР-МҮБАРАК ОНЛАЙН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

IMG_8712 (1)

Нұр-Мүбарак университетінде АҚШ, Түркия, Малайзия, Индонезия, Мысыр, Пәкістан, Шешенстан, Ресей және отандық дін ғалымдарының басын қосқан «Киберкеңістіктегі діни дискурс: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда НМУ проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев бұл жобаның аудиториясы тек Қазақстанмен ғана шектелмейтінін атап өткен болатын.

Университеттің Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар бөлімінің маманы әрі жоба жетекшісі Естай Қалмұрат платформаның мақсаты – елдегі қарқынды исламдық білімге деген сұранысты қанағаттандыру, цифрлы технологияларды пайдалану арқылы Нұр-Мүбарак университеті оқытушы-профессорлары, ғалымдарының білімін көпшілікке қолжетімді ету екенін атап өтті.

Нұр-Мүбарак онлайн академиясы алдағы уақытта діни сауатын ашуды көздеген жалпы халыққа ғана емес, біліктілігін арттырғысы келген дін саласы мамандарына арналған бағдарламалар әзірлеп, классикалық ислами мұраларды ұсынбақ.

Жоба онлайн білім беруде EdTech саласындағы отандық нарықтың лидері, бүгінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерге де танылған Qalan компаниясымен бірге жүзеге асырылуда.

Тыңдаушылар бұл жобаның болашағы мол деген сенімдерін білдіріп, сәттілік тіледі.

#НұрМүбарак #ОнлайнАкадемия #ДіниБілім #EdTech  #ИсламдықҒылымдар #ДіниСауат #ҚазақстанБілім #ИсламиМұра  #ЦифрлыҚоғам #БілімБеруИнновациялары