34


1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Бұл атаулы күн әлемдегі барлық жастағы қарт адамдарға құрмет көрсетуге арналған. Бұл қоғамымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, өмірлік даналық пен тәжірибенің қазынасы қарияларға деген құрмет – бір күн емес, әр күнгі міндет.

Себебі қарияларға қамқор болу, оларға құрмет көрсету – әрбір өреннің жазылмаған адамзаттық борышы. Дінімізге сай халқымыз да қарттар мен қарияларға ерекше құрмет көрсету дәстүрі қалыптастан. Тіпті даналық жыр-термелермен де өсиет етіп отырған.

Дүниеге келер бiр рет,
Дария-кеуде тау мүсiн.
Құрыштан құйған құдiрет –
Қарттарым, аман-саумысың?!


Бүгінгі мерекеде барлық аға буын өкілдерін құттықтай отырып, әрдайым денсаулықтарыңыз мықты, көңілдеріңіз шат болсын деп тілейміз. Сіздердің баталарыңыз бен мейірімдеріңіз қоғамымызға береке дарытып, ұрпақтар сабақтастығының маңызын үнемі еске салып отырады!

Сағынып талай жыр туар,
Оралар әлi-ақ сан жыршы.
Даламның иiсi бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүршi!

Аяулы ақ жаулықты ана-әжелер мен ата, қарияларымыз аман болғай!