Жаңа оқу жылын Нұр-Мүбарак университетінің «Кітап Life» оқырмандар клубы Орталық Мемлекеттік мұражайға танымды экскурсия жасаумен бастады.

НМУ «КІТАП LIFE» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАЖАЙҒА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

IMG_2945

Жаңа оқу жылын Нұр-Мүбарак университетінің «Кітап Life» оқырмандар клубы Орталық Мемлекеттік мұражайға танымды экскурсия жасаумен бастады. НМУ кітапханасының меңгерушісі Алтынгүл Тоқанның айтуынша, биыл оқырман клубындағы студенттер саны көбейген. Сондықтан студенттердің танымын кеңейту мақсатында, кітап оқудан бөлек тарихи орындар мен мұражайлармен танысуды жөн көрген.

Алғашқы зияратты мемлекеттік мұражайдан бастаған оқымысты студенттер тарихи және мәдени экспонаттарымен танысып, еліміздің бай тарихы мен ұлттық құндылықтары жайлы мол мағлұмат алды.

Экскурсия аясында тарихи жәдігерлердің маңызы мен ұлттық мұралардың құндылығы туралы баяндалды. Осыған орай, ұйымдастырушылар студенттердің бойына ұлттық рух пен мәдениетімізге деген құрметті сіңірудің маңызды екенін атап өтті. Осындай экскурсиялар жастардың рухани және мәдени дамуына зор ықпал етеді, сондай-ақ олардың білімге және кітап оқуға деген ынтасын арттыра түспек.

Студенттер экскурсия барысында жаңа білім алып қана қоймай, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасып, клуб мүшелері арасында достық қарым-қатынасты нығайтты. Мұражайдағы әсерлі саяхат үшін студенттер оқырман клубы мен ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.

@nmu_kitapkhana