Нұр-Мүбарак университетінің тыныс-тіршілігімен таныса бастаған бірінші курс студенттері түрлі тілде шүйіркелесіп, әр елдің мәдениетімен таныса түсті. Әнұранмен басталған «Тіл – достықтың тірегі» атты Тілдер мерекесіне арналған салтанатты шарада тіл білімінің артықшылықтары жан-жақты насихатталды.

Әуелі мемлекеттік тілдің мәртебесіне тоқталған жүргізушілер «Мемлекеттік тіл – көпұлтты елдегі бүкіл ұлттар мен ұлыстарды саяси-мәдени бірлікке ұйыстыратын басты құрал» екенін атап өтті.

Студенттер арасындағы түрлі ұлт өкілдері өз тілдерінде өлең оқып, ұлттық мәдениеттерімен таныстырды. Атап айтқанда, тәжік, өзбек, монғол ұлтының жастары өз өнерлерін ұсынды.  

«ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ»

Мерекелік жиында студенттердің суырып салма ақындық өнері де сынға түсті. «БУРИМЭ» деп аталатын ойын түрі бойынша қазақ және орыс тілінде соңғы сөздері ұқсас бір шумақтық сөздер берілді. Жалынды жастар да тосылмай, бірнеше студент табан астында шығарған өлеңдерін ұсынып, нақышына келтіріп оқыды. Қорытынды сәтте мерекені ұйымдастырушы Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к., қаум.проф. Дариға Қапасова белсенді студенттерге ерекше алғысын айтып, сертификат табыстады. Өлеңдері ұнаған қос студентті ақшалай сыйлықпен марапаттады. Ал тіл саласының мамандары атынан аға оқытушы Гүлбану Суамбекова да биыл университет табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тілеп, шабыттандыра түсті.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі          

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.