ХАНАФА МАЗҺАБЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМЫ ҚАДИ ХАН ӘЛ-УЗЖАНДИДІҢ ҚҰНДЫ ҚОЛЖАЗБАСЫ ЗЕРТТЕУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Араб тілінде жазылған ортағасырлық құнды қолжазбаның атауы «Фатауа Қазихан (Қадихан)», арабша (فتاوى قاضي خان) авторы Фахруддин Хасан бин Мансур әл-Узжәнди (әл-Узжанди) әл-Фарғани Қади хан (فخر الدين الحسن بن منصور الأوزجندي الفرغاني قاضي خان). «Негізі бұл қолжазба ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының шариғатын түсіндіруге арналған ең негізгі еңбектердің бірі болуымен өте құнды», – деді Нұр-Мүбарак университетінің Ғылым және иииновация департаментінің директоры, PhD доктор Ықтияр Палтөре. Сондай-ақ бұл еңбектің басты құндылығы оның 1733 жылы көшірілген қолжазба нұсқасының болуында екенін атап өтті.

Өте құнды жәдігерді зерттеу мақсатында арабтанушы ғалымға отандық кәсіпкер Елеусізов Жандос Серікұлы мен «Кәусәр» қорының директоры Оразымбет Жүнісов арнайы келіп табыс етті.

Кітап авторы көбіне Қади хан әл-Узжанди әл-Фарғани деген атпен танымал. Ол имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының танымал ғалымдарының бірі. Жазба деректер бойынша Мауараннаһрда Ферғана аумағындағы Узжәнд (Өзкент) қаласында дүниеге келген. Туған жылы белгісіз, 1196 жылы өмірден озған. Автордың «Шархул-Жамиус-сағир – شرح الجامع الصغير», «Шархуз-Зиядат – شرح الزيادات», «Фауаид – فوائد», «әл-Уақиат – الواقعات», «әл-Амали – الأمالي» деген еңбектері бар.

Айта кететін бір мәселе, араб тілінде жазылған бұл қолжазбаның бүгінде көптеген басылым нұсқалары бар. Мысалы, 2009 жылы Ливан қаласындағы «Дарул-кутуб әл-илмия» баспасынан 1188 бетті құрайтын 3 томдық «Фатауа Кадихан – فتاوى قاضي خان» атауымен басылып шыққан. Бұған дейін де басылған нұсқалары бар.

Бізге зерттеу мақсатында берілген қолжазба «Китаб әл-дағуа уәл-бәйанат» (كتاب الدعوة والبيانات) деген бөлімінен басталады. Соған қарағанда бұл кітаптың бірінші кітабы да болуы тиіс,-деді зерттеуші ғалым Ықтияр Молдатөреұлы.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.