ҚР ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров мырза арнайы ат басын тіреді. Мәртебелі мейманды қабылдаған университет ректоры, профессор Мұхаммад Аш-Шаххат Әл-Жинди Бауыржан Жәлелұлының арнайы келгеніне ризалығын білдіріп, білім ордасының тыныс-тіршілігі туралы кеңінен баяндап берді. Университетте дәріс беретін шетелдік ғалымдардың қатары 24-ке жеткенін, жақында тағы да араб тілі ғалымдарының келгенін тілге тиек етті. ҚР ДІК Төраға орынбасары бұл жаңалықтың өте қуанышты екенін алға тартып, студенттер санымен қатар мысырлық ғалым-ұстаздардың көбеюі Мысыр мен Қазақ елі арасындағы ежелгі достықтың жаңғырып, ынтымақтың артқаны деп баға берді. Ректор профессор Мұхаммад Аш-Шаххат өз кезегінде ҚР Дін істер комитетінің лауазымды өкілдерінің университетке жиі келуі өте құптарлық әрі қуанырлық қадам екенін атап өтті.

Ректор қабылдауынан кейін ҚР ДІК Төраға орынбасары студенттермен кездесті. Ректор кеңесшісі Рахымжан Әкімбеков Бауыржан Жәлелұлын таныстырып, шәкірттерге көкейде жүрген кез келген сауалдарын қойып, жауап алуға мүмкіндіктерін жіберіп алмауға шақырды. Бауыржан Бакиров діни маман ретінде қызмет етудің жан-жақтылығы, мемлекеттік дін саясатының ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталды. Студенттер де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.