БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті студенттер, профессор-оқытушылар құрамы, ұстаздар және әріптестер! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн әрбіріміз үшін жаңа маңызды кезеңнің бастауы. Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен белестерді бағындыруға және өз әлеуетімізді толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кезең. Университетіміздің басты мақсаты – шәкірттерімізді заманауи талаптарға сай білімге баулып қана қоймай, жан-жақты дамыған, білікті маман әрі ұлттық құндылықтар мен мемлекетіміздің маңызды қағидаларына берік азамат ретінде тәрбиелеу. Әрбір студентке білім жолында табандылық пен еңбекқорлық, үздіксіз ізденіс пен шығармашылық табыс тілеймін. Университет қабырғасында алған білімдеріңіз болашақта үлкен жетістіктерге жетелейді деп сенемін. Құрметті әріптестер! Сіздердің еңбектеріңіз студенттеріміздің ғана емес, еліміздің болашағы үшін де маңызды. Сондықтан сіздерге шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер және кәсіби табыс тілеймін. Білім күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Проректор, PhD доктор Қ.Құрманбаев