Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы

Орталық Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша кешенді зерттеулердің орындалуын қамтамасыз етуші, сондай-ақ оқу орнының ғылыми-зерттеу, баспа жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады.

Шамшәдин Керім

филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Орталықтың мақсаттары

- Республикадағы исламтану бағытында қызмет жасап жатқан діни оқу мекемелерін ханафилік мектептің тәлім-тәрбиесін насихаттайтын кітаптар, әдебиеттер оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етуге көмектесу;
- Ханафи мазһабы шеңберінде қазақстандық дін ғалымдарының еңбектерін анықтау әрі жинау;
Ислам өркениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қазақ дін ғұламаларының шығармашылығын зерттеу, олардың мұраларын кеңінен насихаттау;
- Ханафи мазһабына қатысты қолжазбаларды жинақтап, тарихи-классикалық шығармаларды аударып, жариялаумен қатар заман талаптарына сай шығарылған заманауи фиқһ ғалымдарының еңбектерін де ғылыми қолданысқа түсіру;
- Шет тілдердердегі ислам құндылықтарына насихаттайтын ғылыми, ағартушылық көпшілікке арналған кітаптарды, діни оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын іріктеп, аудару, сөздіктер құрастыру;
- Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру;
- Студенттер мен жас мамандардың ғылыми потенциалын дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту.

Соңғы жылдардағы жарық көрген еңбектер

«Исламтану зерттеулері» сериясы

  1. Қайрат Құрманбаев. Хусам ад-дин әс-Сығнақи еңбектеріндегі Усул әл-фиқһ ілімінің лингвистикалық негіздері: монография, – Алматы: Нұр-Мүбарак баспасы, 2023. – 332 бет.
  2. Асқар Әкімханов. Әбу Мансур әл-Матуриди және оның иман мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдары: монография, – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2019. – 296 бет.
  3. Жалғас Сандыбаев. Әбу Хамид әл-Ғазалидің «ахлақ» ілімі: монография. – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2019. – 240 б.
  4. Қайрат Жолдыбайұлы. Ханафи хадис әдіснамасы: монография, – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2020. – 208 бет.
  5. Нұрлан Анарбаев. Әбу әл-Қасым әл-Фарабидің діни-этикалық ілімі: монография, – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2021. – 224 бет.

«Дін және қоғам» сериясы

  1.  Стамбакиев Нұржан. Исламдағы өсімқорлық: түрлері және үкімдері. – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2021. – 130 бет.
  2. Айнұр Игілікова, Кеулімжай Құттиев. Өлімнен мән іздеген жандар (Суицид проблемасы: себептері және салдары). – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2021. – 161 бет.
  3. Қалымбет Қанат. Трансплантация (түрлері және шариғи үкімдері), – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2022. – 120 бет.
  4. Бертымуратов Юлдаш. Аборт – қоғам қасіреті. – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2023. – 136 бет.
  5. Данияр Сүлейменов. Бақытты отбасы. – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2023. – 120 бет.
  6. Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығынан 50-ден астам ғылыми, діни танымдық аудармалар мен авторлық еңбектер дайындалып, жарық көрді.
  7. 50 000 сөз енген арабша-қазақша сөздік;
  8. 14 жыл үздіксіз жарық көрген 17 томдық халықаралық конференция жинағы;</br>