АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

     Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылдың 18 мамырында Қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама-ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың 800 жылдық мерейтойына орай «Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.

     Конференцияға Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасын зерттеп жүрген шетелдік танымал ғалымдар мен отандық зерттеушілер арнайы шақырылады. Сондай-ақ діни сала қайраткерлері, діни қызметкерлер, оқытушы- профессорлар мен магистрант-докторанттар қатысады.

     Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің әл-Фараби залы. Басталу уақыты: 9:30

 

     Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмыс істейді:

 

  • Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы және оның зерттелу деңгейі:

а) Хусамуддин әс-Сығнақи және ислам теологиясы;

ә) Хусамуддин әс-Сығнақидің ислам құқығы және оның негіздеріне қатысты еңбектері мен қолжазбалары;

б) Хусамуддин әс-Сығнақи – лингвист ғалым

Бабалар мұрасы: зерттелуі мен аудармалары ғылыми айналымда

Қазақ даласынан шыққан дін ғұламалары мен қайраткерлерінің ұлт бірегейлігін қалыптастырудағы орны мен рөлі

 

    Баршаларыңызды әсіресе сала мамандарын осы халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Қатысушылардың баяндамаларының толық мәтіні 2023 жылдың 10-шы мамырына дейін қабылданатындығын хабарлаймыз.

    Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, араб, орыс, түрік, ағылшын тілдері.

    Мақалаларды рәсімдеу кезінде төмендегі талаптарды ұстану қажет: электрондық нұсқада басылған мәтіннің көлемі 10-12 бетке дейін. Қарпі – Times New Roman, кеглі – 14; жоларалық интервалы – 1; енінен туралау; абзацтық шегінісі – 1 см; парақ бағдары – кітаби, жоғарғы және төменгі өріс – 2,0, сол – 3,0 және оң өрісі – 1.

Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және инновация департаменті, тел. (уатсап нөм.): +7 775 163 35 96 Салтанат Бейсенбайқызы,  e-mail: nauka@nmu.edu.kz  

809