Сұлтан Байбарыс - 800 жыл

Сұлтан Байбарыстың 800 жылдығына орай, Шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы - Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс», «Ер қаруы-бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптарының таныстырылымы өтеді.

      2022 жылдың 25 қарашасында ҚР Ұлттық кітапханасы мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Ғылым және инновация департаментінің ұйымдастыруымен Сұлтан Байбарыстың 800 жылдығына орай,         Шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы – Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс», «Ер қаруы-бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптарының таныстырылымы өтеді.
      Шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мемлекеттік органдардың белгілі өкілдері мен қайраткерлері, ҚР-дағы Шығыс елдерінің Елшілік өкілдері, Республикамыздың ЖОО-дағы жетекші ғалымдар, отандық және шетелдік шығыстанушылар, философтар мен филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар мен дінтанушылар және БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

                         Өтетін орны: ҚР Ұлттық кітапханасы, Н.Дәулетова атындағы зал.
                         Өтетін уақыты: 25.11.2022 сағат 11.00

401