Нұр-Мүбарак университетінде көктемнің алғашқы күнінде қағылған дабылдан оқу кешеніндегі халық сыртқа өре түрегілді.

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДАБЫЛ ҚАҒЫЛДЫ

Нұр-Мүбарак университетінде көктемнің алғашқы күнінде қағылған дабылдан оқу кешеніндегі халық сыртқа өре түрегілді. Рас, халқымыз «Сақтықта қорлық жоқ» деп, бейқам болудан үнемі сақтандырып отырғанын ескерсек, бұл дабыл сақтық мақсатында қағылды. Бұл туралы Нұр-Мүбарак университетінің  іс басқарушысы, Азаматтық қорғаныс штаб бастығы Жандос Нысаналиев:

  • 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай бұл шара төтенше жағдайларды болдырмау және болған жағдайда қауіпті жедел жою мақсатында жыл сайын аталып өтеді. Осылайша қауіпсіздік мәселесіне жұртшылық назарын аудару көзделеді,-деді.  

Рас, қазіргі кезеңде табиғи апаттардың өзі әлемді алаңдатып қойды. Түркия, Сирия елдеріндегі жойқын жер сілкінісі әркімге ой салғаны анық.

Айтулы күн қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, полковник Бауыржан Сыздықов:

  • Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай, біздің министрлік наурыз айы бойы мүмкіндігінше барша халықты қамтитын іс-шаралар жоспарын бекітті… Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні жыл сайын белгілі бір ұранмен өтеді. Биылғы ұран: «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі». Азаматтық қорғаныс – бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін, төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі»,- деді. 

Бұл күннің тарихына үңілсек, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық қорғаныстың халықаралық Ұйымының қатарына қосылған. Ал Азаматтық қорғаныстың Халықаралық Ұйымы 1972 жылы наурыз айында құрылып, содан бері жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтеді.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.
802