Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде отандық «Дінтану», «Теология» білім беру бағдарламалары бойынша XV Республикалық студенттік пәндік Олимпиада басталды.

XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА 6 УНИВЕРСИТЕТ КОМАНДАСЫ БАҚ СЫНАУДА

Дәстүрлі білім сайысына еліміздегі осы бағытта маман даярлайтын 6 университеттің студенттік топтары қатысуда. Атап айтқанда, әл-Фараби ат. ҚазҰУ(«әл-Фараби шәкірттері»), Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ («Көк бөрілер»), Ахмет Яссауи ат. Халықаралық ҚТУ («Тұран Түркістан»), Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды МУ, Абай ат. ҚазҰПУ («Жас Алаш»), Нұр-Мүбарак университетінен «NMU-study» топтары өзара бақ сынауда.

Олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат барлық діндер гуманизмге, адамгершілікке негізделгенін айта келе, Қазақстан қазіргі кезеңде әлемдік діни диалогтардың ортақ платформасына айналғанын атап өтті. Ал проректор, PhD доктор Қайрат Құрманабев олимпиаданың күн тәртібіне тоқталып, білім сайысының сәтті өтуіне тілек білдірді. Сондай-ақ студенттік пәндік олимпиада Төрағасы профессор Досай Кенжетай дін мәселесіне тоқталып, жастардан тың ойлар күтетінін білдірді. НМУ Ғылым және инновация департаментінің директоры, PhD доктор Ықтияр Палтөре, Дінтану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., Айымжан Рыскиева қатысушы топтарға шабыт сыйлайтын сөздерімен сәттілік тіледі.

Үш кезеңнен тұратын олипиаданың алғашқысы «Қазіргі Қазақстанның рухани-интеллектуалдық дамуындағы діни таным мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғаудан басталды. Әрбір топтың жіті дайындалғаны байқалады, демек білім сайысы тартысты өтетін түрі бар. Енді «Діндер тарихы» бойынша тест және «Ұяшық таңдау» соңғы кезеңінде белгілі бір салалар бойынша дінтанудан сұрақтарға жауаптары сараланып, жеңімпаздар анықталмақ.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.
563