Ашылған жылы: 2001 жыл
Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ш.Қалиева (2001-2003), PhD доктор А.Әділбаев (2003-2007), философия ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Бейсенов (2007-2008), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б.Бәйнеш (2008-2018 ) басқарған.
2018 жылдан 1 маусымынан бастып кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.А. Қапасова тағайындалды.
Кафедра оқытушылары гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында қазақ және орыс тілі, тарих және ақпараттық коммуникативтік технологиялар пәндерінің өзекті мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг, біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастырып өткізіп, сонымен қатар халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысып, өз біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.
Оқытушылар саны: 26. Кафедрада 11 — ғылым кандидаты, 8 — PhD, 6 — аға оқытушы, 1 — оқытушы
«6В02201 –Исламтану», «6В02202 –Дінтану», «6В02203 – Теология», «6В02301 – Шетел филологиясы», «6В02306 – Аударма ісі» мамандықтары бойынша кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлауда ат салысу.
© Copyright 2024 All Rights Reserved