НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

Даналардың ізімен жарқын болашаққа

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛСІЛТЕУШІ АНЫҚТАМА

Біз сізді Қазақстан Республикасының іргелі де белді діни оқу орны, исламтанушылар, дінтанушылар және тіл  мамандарын дайындайтын Орта Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны Нұр-Мүбарак университетінің студенті атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!