فقه اللغة والترجمة

Кафедра туралы

2001 жылдан 2018 жылға дейін «Араб тілі және әдебиеті кафедрасы», 2018 және 2022 жылдар аралығында «Араб және ағылшын тілдер кафедрасы» деп аталды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы» болып өзгертілді. Оқытушылар саны: 27. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 13 PhD доктор, 1 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы, 3 магистр.

– 2001-2007 жж من 2001 إلى 2007 كان رئيس القسم د. .
– 2007-2008 жж محمود فؤاد.
– 2008-2013 жж من 2007 إلى 2008 كان رئيس القسم د. محمود عبد الحفيظ.
– 2014-2018 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін  оқытушы Нүсіпбаев Еркебұлан Бақытұлы атқарды;
– 2018-2021 жж    аралығында кафедра меңгерушісі қызметін PhD доктор Манабаев Багдат Маханович атқарды;
2021 жылдың қараша айынан бастап Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасын PhD доктор Жумашова Жұлдыз Аманбайқызы басқарып келеді.

Кафедра миссиясы:

Академиялық және мәдениетаралық кәсіби қарым-қатынас саласында екі шетел тілін, атап айтқанда араб және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, кәсіби білімін, білігін бүгінгі аударма ісі және шетел филологиясы саласында тиімді қолдана алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, теория мен тәжірибеден терең білімі бар маман даярлау.

Кафедраның меңгерушісі:

ЖҰМАШОВА ЖҰЛДЫЗ АМАНБАЙҚЫЗЫ
филолог, доктор (PhD), доцент м.а.

Жалпы еңбек өтілі 14 жыл. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Тұран университеттерінде сабақ берген. Оқытушылық жұмыс тәжірибесінен бөлек Тұран университетіндегі халықаралық сертификатталған TOEFL ibt және SAT тест орталықтарында супервайзер қызметін атқарған, Ұлттық аударма бюросында, National Geographic Kazakhstan журналында сырттай аудармашы ретінде жұмыс істеген. 2014 жылы Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік грант иегері, 2021 жылы Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы. «100 кітап» бағдарламасы аясында 4 оқулықты аударуға, бір оқулықта редакторлық жасауға ат салысқан. Екі рет АҚШ елінде шетелдік ғылыми тағылымдамалардан өткен. Мемлекеттік қаржыландырылған 4 жобада ғылыми қызметкер ретінде қатысқан. IELTS сертификатының көрсеткіші 8-ге тең. 30-астам мақаланың, 3 монографияның авторы. Екінші шетел тілін оқыту, түркі мәдениеті, қазақ мәдениеті, семиотика, мәдениетаралық қарым-қатынас тақырыптар бойынша ізденістер жасайды. Қазіргі таңда Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, тәжірибесі мол, білікті маман.

أعضاء هيئة التدريس