ИМАН МЕН ДӘСТҮР ХИКМЕТТЕРІ

Кітап авторы Мұхитдин Исаұлының осы кезге дейін «Ислам ғылымхалы» (Қ.Жолдыбайұлымен бірге), «Құран кімнің сөзі», «Пейішке жетелер пейіл» ж.т.б. көптеген кітаптары жарық көрген.

Қоғамымызда болып жатқан әртүрлі оқиғалар, кедергі-сынақтар, адамға сан түрлі ой салып, кеудесіндегі Аллаға деген сеніміне сызат түсіріп жататыны шындық. Бұл кітаптың да жарық көруіне сол көпшілік көкейінде жүрген сансыз сауалдарға теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлының ғылыми негізде жауап беруіне себеп болған. Автор адам, қоғам, әлемнің жаратылысын  ислам көзқарасы бойынша түсіндіруді көздеген. «Әлем өзінен-өзі жаралған» деген материализмнің жемісі болған тіршіліктің осы өмірмен ғана шектеледі деген түсінік тамырына балта шаба отырып, жаратылыс мәнін ұғындырған. Егер сізді де «Жүректегі ақиқат бастауы, Құранның құндылығын қалай түсініп жүрміз, адам баласы ұйқыда, өлгеннен кейін ғана оянады, иман мен имандылық парқы, «ұят» сөзінің қазақы танымдағы түсінігі,…» секілді сауалдар ойландырса, бұл еңбек сізге жолсілтеу болады деген сенімдеміз.  Кітап:

1) Иман мен таным, дәстүр хикметтері;

2) иман мен ислами заңдылықтар;

3) Көкірек көздері ояу жандар ,-деген үш тараудан тұрады. «Иман мен дәстүр хикметтері»  2014 жылы «Ханафи әдебиеттері» сериясымен алғаш рет басылып отыр.