9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде БҰҰ ЕҚБ және Академиялық адалдық лигасының жобалық кеңсесімен бірлесіп білім беру саласында парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша республикалық форум өтті.
Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары бас қосқан форумға Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар қатысты. Ершат Ағыбайұлы өз сөзінде академиялық адалдық қағидаттарының білім беру сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, Нұр-Мүбарак университетінде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен бөлісті.
Форум еліміздің білім және ғылым салаларының 200-ге жуық жетекші өкілдерін жинап, қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, тәжірибе алмасу және білім беру саласындағы адалдықты нығайту бойынша пікірталас алаңына айналды. Іс-шарада Академиялық адалдық Лигасы жұмысының нәтижелері мен білім беру жүйесіндегі этикалық стандарттарды дамыту шаралары талқыланды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved