Нұр-Мүбарак университетінде исламтану және дінтану саласы бойынша екі диссертант ғылыми PHD докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шықты. Атап айтсақ, 6D020600 – «Дінтану» бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін Еркінбек Керімбекұлы Шоқай «Такфиризм идеологиясы: тарихи қалыптасуы және теологиялық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын қорғады. Ғылыми кеңесшілер: филол.ғ.д., профессор Ш.Т. Керім, ал шетелдік кеңесші Заң және теология ғылымдарының докторы, профессор Миқати Рафат (Триполи университетінің ректоры, Ливан Республикасы).
Ал 8D02201 – «Исламтану» бойынша Бижан Илесбеков «Ахмад ибн Мансур әл-Испижаби (480/1087 қ.б.) және оның ‘Шарх мухтасар ат-Тахауи’ еңбегі» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми кеңесшілер: : филол.ғ.д., профессор Ш.Т. Керім, ал шетелдік кеңесші PhD доктор, профессор Кемал Иылдыз (Мармара университеті,Стамбул, Түркия).
Филос.ғ.д., профессор. ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Бахытжан Сатершинов жетекшілік ететін Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті жанындағы ̶ 8D02201 Исламтану, 8D02202 Дінтану бағыты бойынша диссертациялық кеңес құрамында 7 ғалым ғылыми зерттеулер қорғауына төрелік жасады. Нәтижесінде екі диссертант та философия докторы (PhD) дәрежесін алуға лайық деп танылды.
«Бүгін оқуы мен ізденуін сегіз жыл бұрын бастаған докторлық диссертациямды Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің диссертациялық кеңесінде сәтті қорғау нәсіп болды. Ең алдымен осынша уақыт маған ақыл-кеңесін аямаған отандық ғылыми кеңесшім ұстазым Профессор Шәмшәдин Керімге, шетелдік кеңесшім Профессор Рафат Миқатиге және университет басшылығына, барша қолдаушыларға алғысым шексіз. Алла екі өмірімізге және үмметке пайдасы болатын жетістік еткей…»,-деп жазды PhD диссертант Еркінбек Шоқай.
Енді қорғау құжаттары құзырлы орын тарапынан мақұлдануы үшін ҚР ҒЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне тапсырылды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved