ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді елдігіміздің ең асыл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – еліміздің әрбір азаматы үшін ұлы мақтаныш пен асқақ рухтың мерекесі. Тәуелсіздік – бұл жай ғана сөз емес, бұл біздің азат рухымыздың, еңселі ерлігіміздің, мәңгілік мұратымыздың символы. Ол – халқымыздың сан ғасырлық асыл армандарының жүзеге асқан көрінісі, тағдырлы тарихымыздың алтын парағы. Бүгінгі күніміз – еркіндікті аңсап өткен ата-бабаларымыздың арманынан туған ақиқат. Сондықтан әрбіріміздің жүрегімізде Тәуелсіздікке деген құрмет пен мақтаныш оты лаулауы тиіс. Себебі бұл күн – тек бір ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтарға, болашаққа аманат болар қастерлі мереке. Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, бейбіт аспанымыз ашық болсын. Әрбір шаңырақта бақ-береке орнап, туған жеріміз гүлденіп, жарқын болашаққа жол ашсын! Еліміз бізді, біз Елімізді мақтан ететін жүрек жылуын, арман мен мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз мәңгілік болсын!