НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

НМУ-ДА IQAA САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТАЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КҮНІ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)» сараптамалық тобының институционалды және мамандандырылған аккредитациясы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған аудит барысында сарапшылар университеттің білім беру сапасын, академиялық және ғылыми қызметін, инфрақұрылымдық әлеуетін жан-жақты бағалады. 

IQAA сараптамалық тобы оқу орнының стратегиялық даму жоспарын, білім беру бағдарламаларының халықаралық
талаптарға сәйкестігін, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін сараптап, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен тікелей кездесулер өткізді. Бұл талдау нәтижесінде білім беру сапасы, оқу үдерісінің тиімділігі, ғылыми-зерттеу қызметі, материалдық-техникалық база сынды маңызды аспектілер сараланып, НМУ-дың болашақ дамуына маңызды бағыт-бағдар бермек. 

Аккредитацияның қорытынды кезеңінде сарапшылар университет қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірлеп, оқу орнының білім сапасын арттырудағы ұстанымдарына жоғары баға берді. Бұл үдеріс Нұр-Мүбарак университетінің сапалы білім мен ғылыми ізденістер жолындағы жаңа белесін айқындайды.