قسم الدراسات الاسلامية

Кафедра Туралы

     Нұр-Мүбарак ЕИМУ ашылған 2001 жылы құрылды. Алғашқы уақытта исламтанушыларды даярлаған факультет құрамында. Бүгінде исламтану жəне дінтану кафедралары бар. Оқытушылар саны: Жалпыоқытушы – 41: Магистр – 17; PhD доктор – 22; Ғылым кандидаттары – 2; Доцент – 2; Профессор – 3

Исламтану кафедрасы 2001 жылдан бері жоғары білімді исламтанушыларды дайындап келеді.

2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати,

2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыия Фатхи Мұхаммед Əли əл-Фиқи қызмет етті.

2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін негізгі ислам білімдері ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Əділбаева атқарды.

2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – исламтану ғылымы бойынша доктор (PhD) Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев.

Алғашқы курстан араб тілі оқытылып, екінші курстан бастап араб тілінде Мысырдың əл-Əзһар университетінің ақида, фиқһ, хадис жəне тəпсір салаларының доктор, профессорлары дəріс береді. Сондай-ақ, отандық доктор, профессорлар:

– Ислам құқық негіздері;
– Құрандағы мораль мəселелері;
– Отбасы ғылымхалы;
– Ислам теологиясы;
– Құран ілімі;
– Хадис ілімі;
– Хадисшілердің əдістері жəне т.б. пəндер бойынша дəріс береді.

Кафедраның мақсат-міндеттері:

      ҚР мемлекеттік қызметінің әртүрлі деңгейлерінде (министрліктерде, департаменттерде, әкімшіліктерде), ғылыми-зерттеу орталықтарында, БАҚ және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, сараптама орталықтары, діни оңалту орталықтары т.б құрылымдарда өз құзіреттілігі мен біліктілігі аясында қызмет етуге қабілетті мамандар даярлау; Оқу үдерісін қазіргі заманғы оқыту технологияларымен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау негізінде оқу-әдістемелік инфрақұрылымды дамыту;
     Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнату; Мамандардың біліктілігін артыруды және қайта дайындауды қамтамасыз ету; Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылығына нұқсан келтіретін діни экстремистік, террористік қауіптерді болжап, алдын алу және деструктивті діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік-психологиялық, дінтанулық-теологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіби біліктіліктерге ие мамандарды дайындауға үлес қосу.
 Кадрлардың біліктілігін арттыруға үлес қосу; Сапалы және бәсекелестікке қабілетті қамтамасыз ететін білім деңгейіне қол жеткізу; Білім беру үдерісіне қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер мен инновациялық оқу технологияларын кеңінен енгізу; Теориялық білімді қоғамдық сұраныстың тәжірибелік салаларымен сабақтастыру;

أعضاء هيئة التدريس


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
«7М02201-ИСЛАМТАНУ»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (МАГИСТРАТУРА)

2021-2022 оқу жылына арналған
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
«8D02201-ИСЛАМТАНУ» (ДОКТОРАНТУРА)

2021-2022 оқу жылына арналған
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
БББ: «6В02201 – ИСЛАМТАНУ»
(3 ЖЫЛДЫҚ)

2021-2022 оқу жылына арналған
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
БББ: «6В02201 – ИСЛАМТАНУ»
(4 ЖЫЛДЫҚ)