Ашылған жылы: 2001 жыл
Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ш.Қалиева (2001-2003), PhD доктор А.Әділбаев (2003-2007), философия ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Бейсенов (2007-2008), педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б.Бәйнеш (2008-2018 ) басқарған.
2018 жылдан 1 маусымынан бастып кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.А. Қапасова тағайындалды.
Кафедра оқытушылары гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында қазақ және орыс тілі, тарих және ақпараттық коммуникативтік технологиялар пәндерінің өзекті мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг, біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастырып өткізіп, сонымен қатар халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысып, өз біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. Кафедра оқытушылары соңғы үш жыл ішінде (2018-2021 жж. аралығында) келесі нәтижелерге қол жеткізді: Web of Science, Thomson Reuters, Scopus ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда 15 мақала, ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдар тізіміне кіретін басылымдарда 56 мақала, шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 102 мақала, 2 монография, 1 жинақ, 11 оқу құралдарын, 11 дәріс жинақтарын жариялады.
Оқытушылар саны: 15. Кафедрада 10 ғылым кандидаты, PhD 1, аға оқытушы 4, магистр 1.