БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ
ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК СТӨЛ ӨТТІ

Қазіргі білім мен білік, адамнан ақпарат озған кезеңде жоғары оқу орындарына да ілесіп, білім беру жүйесін жаңартып отыруға мүдделі. Себебі  дайындаған маман тек  классикалық біліммен шектелмей, заманның озық технологияларын да тел меңгеруі  маңызды. Осы орайда Нұр-Мүбарак университеті мен  С.Демирел атындағы университеттің оқу жүйесі саласына қатысты мамандар дөңгелек стөл басында бас қосты.

Академиялық мәселелер департаментінің директоры филос.ғ.к., доцент  Жалғас Сандыбаев   мәртебелі қонақтарға университет жайлы қысқаша таныстырып,  департамент  қарамағындағы факультет, кафедра, оқу-әдістемелік басқарма өкілдерімен таныстырып, дөңгелек стөлге сәттілік тіледі.  СДУ  Оқу-әдістемелік орталығының директоры  Асем Қуанышбаева, «Тарих және қоғамдық басқару» бағдарламасының  үйлестірушісі, PhD докторы   Дана Молдабаева, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі , PhD докторы Айжан Көпбаева  өз салалары бойынша таныстырып өтті.

Ислам ілімдері факультетінің  декан орынбасары, PhD, доцент Қалмахан Ержан университет жайлы ақпараттармен бөлісіп, білім беру бағдарламасындағы ерекшеліктерге тоқталды. 

Ал СДУ Оқу-әдістемелік орталығының директоры Асем Қуанышбаева: «Нұр-Мүбарак университетін діни маман даярлаумен ғана емес, еліміздегі діни тұрақтылықты сақтауда зор үлес қосушы білім ордасы ретінде бағалаймыз. Соған қарамастан, барлығымыз еліміздегі білім саласын жетілдіріп, білікті маман даярлауды мақсат ететіндіктен, мүддеміз ортақ деп білеміз»,-деді сөз басында.

Дөңгелек стөл барысында білім беру сапасын жақсарта отырып оқу үдерісін автоматтандыру,  оқу платформаларын өзара интеграциялау, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу, дамыту, түлектерді жұмыспен қамту сынды өзекті мәселер талқыланды. Басқосу соңында СДУ өкілдеріне арнайы Алғыс хат пен сыйкәде жасалды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

883