ЕАР УАҚЫФТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНЕ АРНАЙЫ КЕЛДІ

ЕАР УАҚЫФТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНЕ АРНАЙЫ КЕЛДІ

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Египет Араб Республикасының Уақыфтар вице-министрі, доктор, профессор Жабир Таиғ Султан арнайы келді. Мәртебелі мейманды қабылдаған ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди ұзақ жолдан келген мысырлық вице-министрмен сұхбаттасып, университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Екі ел арасындағы білім саласындағы қарым-қатынасқа тоқталған алқалы топ алдағы келе жатқан 20 жылдыққа арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның да барысы сөз болды. Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев мерейтойға арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындық барысымен де таныстырды.

ЕАР Уақыфтар министрлігі Нұр-Мүбарак университетінің Қамқоршылық кеңесінің тең төрағалығы тізгінінде. Сондықтан Нұр-Мүбаракқа алғаш келген вице-министр  Жабир Таиғ Султан университет кешенімен толық танысты. Әуелі кітапхана, оқу залын аралап, кітап қорымен, аудиториялармен танысты. Факультет, кафедраларды аралап, оқытушы-профессорлармен жүздесіп, студенттермен сұхбаттасты.  Университеттегі  мысырлық оқытушы-профессорлдар да вице-министрмен жақынырақ жүздесіп, емен-жарқын сұхбат жасады.

Қазақ жеріне алғаш келген мысырлық вице-министр доктор, профессор Жабир Таиғ Султан 20 жылдық мерейтойдың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

1٬140