Сіздерді Тәуелсіз еліміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде;
«Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз»,-деген. Бұл қасиетті сөздер бүгінгі мереке иелерінің қызметі мен орнының маңыздылығын дөп келтіргені анық.

Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» деп, ел амандығын, тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, қоғамымыздың қауіпсіздігі, шаңырақтың шаттығына кепіл болған әрбір ер азамат, жігерлі адамдар, ерік күш иелері қашанда бейбіт Отанымыздың қорғаны екенін бір ауыз сөзбен жеткізген.

Осындай мерейлі мерекені пайдаланып, еліміздің өркендеуі, мемлекетіміздің даму жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақытқа толы бейбіт ғұмыр тілейміз!

1٬489