КӨПТІЛДІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ДӘСТҮРЛІ СТУДЕНТТІК
ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Нұр-Мүбарак университетінде «Көптілділік – бүгінгі заман талабы» атты ІV студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тіл – елдің тұғыры, халықтың жаны, ұлттың болмысы…. Атадан балаға мирас, баға жетпес мұра, еліміздің рухы да ана тілінде. Сондықтан қазақ,  ағылшын, араб, орыс тілдерін қамтыған білім сайысын  Араб тілі және ағылшын тілдер кафедрасы жыл сайын ұйымдастырып келеді. Қасиетті Құран оқылып, екі елдің әнұраны әуелеген жиынның алғысөзінде ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат көп тіл білудің артықшылықтарына тоқталып, студенттерге сәттілік тіледі.     

...Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген фразалары бүгінгі заманға дөп келетін талап. Себебі бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған елдер қатарынан көрінуіміз үшін білімді де, озық ойлы азамат әрі білікті маман болуымыз шарт. Сол себепті, көптілділік – көкейкесті мәселелердің бірі әрі бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

     Конференция мақсаты – студенттердің ой қабілетін, білімін, танымдық белсенділіктерін дамыту, көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданысын түсіндіру.

     Конференция аясында көптілді меңгеру дәрежесі баяндалды. Конференцияда «Араб тілін жетік меңгеру – білікті исламтанушы маман дайындаудың негізі», «Шетел тілінің қазіргі кездегі заманауи көпмәдениет әлеміндегі рөлі», «Көптілділік – заман талабы» атты 3 секция бойынша 50-ге жуық баяндама тыңдалды. Конференция жұмыстарына ұйытқы ф.ғ.д. Гүлдархан Рысбаева студенттердің дайындығы жоғары деңгейде болғанын жеткізді. Жеңімпаз студенттердің үздік ғылыми жұмыстарына диплом, олардың ғылыми жетекшілеріне Алғыс хаттар берілді. Жеңімпаз студенттер: А. Жарқынбеков, Б.Құдайбергенов, Б. Абай,   Ж. Жақсанов, Т. Даулет, А.Көбей, А.Айман, М.Абдусаитова, Е.Ибрагимов, А.Рахматуллаев, А.Зейнелханова, К.Ердаулет, Е.Махан, И.Алимкулова, Г.Сейлханова, А.Алмаскызы, А.Жұмабек, Ш.Рахым, Н.Баянмөнх, Б.Зияділда, І.Тұрсынәлі, М.Сұлтан, Д. Мамытов, М.Қабдоллов арнайы сертификаттарға ие болды.  

 

740