ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ МҰҒЖИЗАЛАРЫ АЙТЫЛДЫ

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамып, ғылым озған сайын қасиетті Құранның құндылығы дәлелдене түсуде. Бұл жайлы Нұр-Мүбарак университетінде ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххаттың жоғары курс студенттері мен магистранттарға оқыған семинарында талқыланды.

.... «Құран Кәрім дискурсындағы заман туралы ғылыми мұғжизалар» атты семинар барысында профессор қазіргі уақытта аспанның кеңейіп, ақпараттардың жылдамдауы, жұлдыздар жайлы аяттарда келтірілгеніне тоқталды. Адамзат баласы оны терең түсіне қоймаса да ғылымның ашылуы арқылы аяттардың айтарын кеңінен түсінуге мүмкіндік алуда. Сондықтан мұсылмандар үшін мықты қару болған қасиетті Құранның құндылығын бағалауға шақырды.
...Сондай-ақ ең бастысы, ғаламнан өзге адамзаттың жаратылысы мен өмірге келудегі миссиясын дұрыс түсіну өте өзекті. Бұл жайлы қасиетті Құранда адам баласының өзгелерге пайдалы болуы насихатталатынына тоқталған лекторға тыңдаушылар да өз сауалдарын қойды. Білім алушылар көкейлеріндегі түйткілдерді ортаға салып, өзге де ғалым-оқытушылармен өзара пікір алмасты. Бұл шәкірттердің дүниетанымын дамытып, көзқарасын кеңейтуге пайдалы дәріс болды деуге болады.

853