Өзара ынтымақтастық меморандумы...

Нұр-Мүбарак университеті мен Қазақстан студенттерінің Альянсы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы қабылданды

Өзара ынтымақтастық меморандумы...

Нұр-Мүбарак университеті мен Қазақстан студенттерінің Альянсы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы қабылданды

Нұр-Мүбарак университетіне «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы» Қоғамдық бірлестігінің Президенті Ілияс Түстікбаев арнайы ат басын тіреді.

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаевтың қабылдауында болған Ілияс Нұрболұлы университеттің тыныс-тіршілігімен толыққанды ақпараттанды. Сондай-ақ оқу ғимаратымен танысып, білім алуға жасалған жан-жақты мүмкіндіктерге ризашылығын аңғартты.

Қазақстан студенттері Альянсы еліміздегі студент жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жәрдемдесетін , жастар бойында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастырып, ел дамуына белсенді атсалысушы республикалық қозғалыс. Ал Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де қашанда түрлі білім сайыстарымен қатар спорттық,қайырымдылық, қоғамдық істерде белсенді әрі жеңімпаз. Енді бұл Қазақстан студенттер Альянсымен өзара ынтымақтастық меморандумы аясында қарқынды жүзеге аспақ.

ҚСА-ның белсенділігі мен  еліміздегі студент жастар өміріндегі ықпалды әрекеттері жайлы сөз ете келе Ілияс Түстікбаев жаңа меморандум аясындағы ынтымақтастықтың  жемісті боларына сенім білдірді. Меморандумда білім берудің жаңартылған мазмұнын жетілдіру үшін жағдай жасау, студенттерге сапалы, заманауи білім беру мақсатындажетекші мамандарды, мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін және т.б. тарту,  тәрбие жұмысын ұйымдастыруда озық бағыттар мен жаңа тәсілдерді қолдану,  ғылыми-зерттеу және эксперименттік-конструкторлық жұмыстарды орындау, т.б. жастардың білімді де білікті болып қана қоймай, ел дамуына ат салысуға қатысты мәселелер жан-жақты қамтыған. 

 Проректор, доцент Қайрат Құрманабев ел жастарының өзара бірлесіп, қоғам өміріндегі тың әрі оңтайлы қадамдарда белсенділік танытуына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ «Мен жастарға сенемін» деп сонау өткен ғасырда болашаққа үмітін үкілеген Алаш арыстарының аманатын арқалап,  жастық жалынның жалауын желбіреткен «ҚСА» РСҚ Президенті Ілияс Түстікбаевқа университеттен естелік сыйкәде жасап, сәттілік тіледі. 

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

1٬297