НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН ОҚУ ЖАРЫСЫ ӨТУДЕ

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Нұр-Мүбарак университетінің «Исламтану» кафедрасы қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан жарыс жариялаған болатын. Соған сай, 3 пара, 10 пара және 30 параны толық жатқа оқу үшін 38 үміткер ниет білдірген. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері арасында жарияланған республикалық жарысқа Алматы технология университеті мен «Үшқоңыр» медресе-колледжінен 3 паралық сайысқа қатысуда.

Қасиетті кәләм бәйгесінің алдында университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат құттықтау сөз сөйлеп, қасиетті Құранның ғажайып құпияларын айта келе, қариларға сәттілік тіледі. Барлығы 3 парадан – 28 үміткер, 10 парада – 5 үміткер, ал 30 парада – 5 үміткер өзара бақ сынады. Билет алу бойынша аяттарды жалғастырушы қатысушыларды университеттің ғалым ұстаздарынан құралған комиссия мүшелері бағалады.   

Жалпы жүлде қоры 2 400 000 (екі миллион төрт жүз мың) теңгені құрайтын Құран Кәрім сайысының жеңімпаздарын бүгін қасиетті Қадір түні қарсаңында Нұр-Мүбарак мешітінде марапаттайды.   

1٬080