Ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат онлайн ашық есеп берді

Бүгін алдын ала хабарлағанымыздай, университетіміздің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди   халық алдында онлайн  ашық есеп берді.

Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев ұсынысымен бастау алып, Президент Тоқаевтың «Еститін мемлекет» қағидасы аясында сабақтасып келе жатқан бұл іс-шара билік пен халық арасын жақындата түсуне негізделген.  Сондықтан профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди  көпшілік тарапынан ұсыныс-талаптар, сын-пікірлерді тыңдауға кез келген уақытта дайын екендігін де ескерте кетті. Университет ректоры есеп берумен қатар болашақтағы іс-жоспарларға да тоқталып өтті.

ZOOM және YouTube желісінде тікелей эфирде көрсетілген есеп беруді университет студенттері, оқытушы-профессорлар көріп, тыңдай алды. Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстармен қатар университеттің факультет, кафедраларымен қатар Дайындық курстары, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталықтарының атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.   

Қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

    • Ұлттық рейтингте ТОП-20 жоғары оқу орындары қатарына енді.
    • ОБ (оқу бағдарламасы) «Исламтану мен теологиядан » 1-ші орын иеленді.
    • Ұлттық рейтингте «Дінтану», «Исламтану»
    • ОБ МАГИСТРАТУРА мен ДОКТОРАНТУРА 1-ші орын.

1٬424