«ДІНИ ЖЫР-ТЕРМЕЛЕР – АЗАТТЫҚТЫҢ АРҚАУЫ»
мерекелік кешіне шақырамыз!

Бұл әрбірімізді рухани сусындатар тәлімі мол термелер, салиқалы жырлардың, есті әндердің шеруі! Қазақстан Республикасының 30 жылдығы, Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдық мерейтойы құрметіне «ДІНИ ЖЫР-ТЕРМЕЛЕР – АЗАТТЫҚТЫҢ АРҚАУЫ» атты мерекелік салтанаттың есігі әрбіріңізге ашық!

Кең байтақ еліміздің әр тарапынан домбыраның күмбірі, қылқобыздың үнін әуелетіп, саз сырнайды сайратқан жыршы, термешілер:

➊ МАРАТ СҮГІРБАЙ (Қызылорда),

➋ ЖӘКЕН ОМАРОВ (Алматы),

➌ ТЕМІРБЕК АСҚАНБАЕВ (Маңғыстау),

➍ БАҒДАУЛЕТ ТОЛЫБЕКОВ (Маңғыстау),

➎ ДАСТАН ҚАБЫЛОВ (Ақтөбе),

➏ ІЗБАСХАН ДӘУЛЕТЖАН (Қызылорда),

➐ ЖӘНІБЕК ЖАҚСАНОВ (Қызылорда),

➑ ШАТТЫҚ УАТҚАН (Алматы),

➒ КҮНҚОЖА ҚАЙРУЛЛА (Алматы),

❿ ТҮРІКПЕН КҮНСҰЛУ (Нұр-Сұлтан)

ғасырлар бойы халықтың үні, иман насихаты болған діни жыр-термелерден шашу шашады.  

Кештің арнайы қонақтары:

Азаттықты аңсаған қазақ даласының даусын, Тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың зарын «Желтоқсан желі» арқылы аңызға айналдырған белгілі әнші- композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері ӘБИІРБЕК ТІНӘЛІ!

Аттың шабысын, қалқанның қағысын, батырдың екпінін, ғасырлар бойы аманат болған Ұлы дала дүбірінің рухын аспаптармен әспеттеп, әуенге жан бітіріп, тыңдаушысын тамсандырып, қалың қазақ көрерменнің көзайымына айналған “АЛАТАУ СЕРІЛЕРІ” @alatau_serileri

Бұл мерекелікті кештің құрметті қонағы болуға Сізді де шақырамыз, ҚАДІРЛІ ЗАМАНДАС!

Өтетін уақыты:15 желтоқсан, сағат 17:30, 2021 жыл.
Өтетін жері: Әл-Фараби залы, Нұр-Мүбарак университеті, Алматы қаласы, әл-Фараби 73.

834