Cапа менеджмент жүйесі бөлімі

Жоғары оқу орны ішіндегі жұмыстардың сапасын көтеруге бағытталған СМЖ қызметінің тиімділігін бақылау, жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

مستندات QMS

Құжатталған процедура Қызмет туралы ережелер Үдерістер картасы

الوثائق التنظيمية

Оқу процесiн ұйымдастырудың негiзгi ережелері

تقييم

2018 жыл бойынша
2019 жыл бойынша
2020 жыл бойынша

الاعتماد الاكاديمي

Институционалды Мамандандырылған

СМЖ кафедралар мен бөлімшелерде СМЖ енгізу мен қызмет етуін үйлестіреді. СМЖ қызметі ISO 9001:2015 стандартының және Нұр-Мүбарак ЕИМУ Сапа нұсқаулығы талаптарына сәйкес университет бөлімдерінде СМЖ мен білім беру қызметінің сапасын көтеру мақсатында әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған. Бөлім өз қызметін университеттің барлық бөлімшелерінде СМЖ қызметтерін талдау негізінде жүзеге асырады.

ҚР БҒМ бекіткен нормативті құжаттарға, сондай-ақ Білім саласындағы бақылау басқармасының Ережесіне сәйкес білім беру қызметі сапасын бақылауды жүзеге асырады. СМЖ қызметі Нұр-Мүбарак ЕИМУ сапа саласындағы саясатына негізделіп, оқу процесінің, оқу-әдістемелік жұмыстардың және білім беру, ғылым және тәжірибені интеграциямен қамтамасыз етуде сапаны көтеруге бағытталған.

СМЖ
негізгі мақсаты

жоғары исламтанушылар, білімді имамдар, болашақ дін қызметкерлерін дайындауда практикалық мәселелерді білікті түрде шешуде, қоғамдағы үйлесімді және жоғары дәрежеде білім алған тұлғалардың дамуына қажетті мүмкіндіктер беретін  білім және біліктілік кешенін меңгеруге жағдай тудыру. Сондай-ақ қолданыстағы Сапа менеджмент жүйесін ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сай жетілдіру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, білім, ғылым, тәжірибені  интеграциялау, оқытушылардың ғылыми-практикалық және педагогикалық біліктілігін жоғарылату, ҚР МЖМБС негізінде оқу процессін үйлестіру мен стандарттауда білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату мақсаты алға қойылады.

СМЖ
міндеттері

– Жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған университеттің барлық бөлімшелерінде білім беру қызметтерінде сапаны бақылау процесстерін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, жоспарлау, ұйымдастыру;

 – Жоғары оқу орны ішіндегі жұмыстардың сапасын көтеруге бағытталған СМЖ қызметінің тиімділігін бақылау, жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы

СМЖ бөлімінің меңгерушісі
PhD, қауымд.профессор

Кагазбекова Салтанат Бейсенбаевна

СМЖ бөлімінің бас
маманы

Cапа менеджмент жүйесі
бөлімінің элект.почтасы:

smk@nmu.edu.kz