Нұр-Мүбарак университетінің тыныс-тіршілігімен таныса бастаған бірінші курс студенттері түрлі тілде шүйіркелесіп, әр елдің мәдениетімен таныса түсті. Әнұранмен басталған «Тіл – достықтың тірегі» атты Тілдер мерекесіне арналған салтанатты шарада тіл білімінің артықшылықтары жан-жақты насихатталды.
Әуелі мемлекеттік тілдің мәртебесіне тоқталған жүргізушілер «Мемлекеттік тіл – көпұлтты елдегі бүкіл ұлттар мен ұлыстарды саяси-мәдени бірлікке ұйыстыратын басты құрал» екенін атап өтті.
Студенттер арасындағы түрлі ұлт өкілдері өз тілдерінде өлең оқып, ұлттық мәдениеттерімен таныстырды. Атап айтқанда, тәжік, өзбек, монғол ұлтының жастары өз өнерлерін ұсынды.