НМУ ПРОРЕКТОРЫ, PhD ДОКТОР ЕРШАТ ОҢҒАР «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖАЙЛЫ ПІКІРІМЕН БӨЛІСТІ

_W2A0552

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл конференцияға еліміздің және шет елдердің көрнекті ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты – Орта Азия мен түркі әлемінде үлкен рухани мұра қалдырған Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу бағытында ой бөлісу болды.

НМУ проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар: «Қожа Ахмет Ясауидің ислам дінінің қазақ даласында таралуындағы орны ғана емес, күллі түркі жұрты үшін маңызды тұлға. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы арқылы қазақ қоғамында дін мен дәстүрдің үйлесімділігін қалыптастырудағы маңызын ерекше есте ұстауымыз қажет,»-деп, конференцияның маңызы жайлы ойымен бөлісті.

Халықаралық басқосуға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш секілді тұлғалар сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын ұлықтау туралы айтқан маңызды сөздері аясында баяндамалар жасалды.

Конференция қорытындысы ретінде арнайы үндеу қабылданып, түркі халықтарының ортақ рухани құндылықтарын зерттеу жолында бірлесе жұмыс істеу қажеттігі айтылды.