Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы қарсаңында «араб тілі» пәндік олимпиадасы басталды. Білім додасына аталған оқу ошағының 1-3 курс студенттері қатысып, жалпы 3 кезең бойынша өзара кіл мықтыны анықтау үстінде.
«Араб тілі» пәндік олимпиадасының алғашқы кезеңі тыңдалым және оқылым бойынша өтті. Қатысушылар арнайы әзірленген мәтіндермен жіті танысып, артынша 30 минут ішінде сұрақтарға жауап берді.
Келесі кезең жазылым форматында жүзеге асты. Мұнда да студенттер 30 минут ішінде берілген тапсырмаларды орындады.
Олимпиада қағидаты бойынша қос кезеңді мүлтіксіз еңсерген студенттер ақтық сынға жолдама алмақ. Осылайша өзара іріктелген үздік шәкірттер соңғы кезеңде сөйлеу бойынша бәсекеге түседі. Қорытынды сайыста студенттер қойылған сауалдарға араб тілінде жауап беріп, 3-5 минут уақыт ішінде өз ойларын ортаға салуы тиіс.
«Араб тілі» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 10 сәуір күні марапатталмақ.
Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved