«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Абай мұрасын дәріптейтін байқау ұйымдастырылды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығының басшылығымен хәкім Абайдың қара сөздерін исламтанушылық тұрғыдан талдау бойынша шығармашылық сайыс өтті.

Шәкірттердің ғылыми жазу машығына үлес қосқан байқауға барлық факультеттен 20 студент қатысты.

«Қазақ ойшылдары» апталығы аясында ұйымдастырылған сайыс Абай шығармашылығын дәріптеуге, оны ислам ілімімен сабақтастыра талдауға бағытталды. Қатысушылардың жұмысын «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығы жетекшісі, PhD доктор Сырым Шәкизада мен Дінтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Жандос Ишмаханов сүзгіден өткізіп, ғылыми бағалау жасады. 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қазақ ойшылдары» апталығын қорытындылайтын іс-шарада анықталмақ.

Соңғылар

Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді
Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді
30.04.2026 Жаналықтар

Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.

Read More