«Қазақ ойшылдары» апталығы: Студенттер арасында білім бәсекесі өтті

«Қазақ ойшылдары» апталығы: Студенттер арасында білім бәсекесі өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығының ұйымдастыруымен Сира апталығына орай студенттер арасында білім сайысы өтті. Пайғамбарымыздың өмірбаянын дәріптеуге бағытталған байқауға жиыны 60-қа жуық шәкірт қатысты. Аталмыш бәсеке екі кезең бойынша Нұриддин Итрдің «Ән-Нәфәхәту әл-итрия фи сирати хайр әл-бәрия» кітабы негізінде ұйымдастырылды. […]

Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді

Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Жиынға оқу ошағының ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар арнайы қатысты. Ғылыми кеңес мәжілісі барысында университет ректоры сөз өрбітіп, оқу жылының аяқталуы жайлы ой қозғады: «Осы аптадан бастап университетте […]

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ұжымы арнайы алғыс хатпен марапатталды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ұжымы арнайы алғыс хатпен марапатталды Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ұжымын кәсіптік бағдар беру саласына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ осы игі іс аясында «Кәсіби бағдар – 2026» акциясын жүзеге асырғаны үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады. Оқу ошағының мамандары акция барысында мектеп оқушыларына кәсіби […]

«Нұр-Мүбарак» университетінде студенттерге кәсіби бағдар беретін кездесу өтті

«Нұр-Мүбарак» университетінде студенттерге кәсіби бағдар беретін кездесу өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Кәсіби бағыт: шетел тілдері мамандарына арналған мүмкіндіктер күні» атты кездесу ұйымдастырылды. Ілкімді іс-шараға спикер ретінде ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері, туристік компаниялардың өкілдері, шет тілін оқытатын орталықтардың мамандары арнайы қатысты. Бұл жиын шетел филологиясы және аударма ici мамандықтары бойынша бiлiм […]

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар Түркістанда бастау алған ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 48-ші мәжілісіне қатысып жатыр. Бүгін университет проректоры ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен және өзге де Ғұламалар кеңесі мүшелерімен бірге қасиетті Қожа […]

Түркістанда бастау алған Ғұламалар кеңесіне университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып жатыр

Түркістанда бастау алған Ғұламалар кеңесіне университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып жатыр «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар бүгін Түркістанда басталған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 48-ші мәжілісіне қатысты. Сонымен қатар кеңес мүшелерінің қатарында университетіміздің профессор-оқытушылары Шамшәдин Керім, Алау Әділбаев, Мұхиддин […]

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірттері аталмыш экологиялық акцияға белсене қатысты. «Таза Қазақстан« акциясының басты мақсаты — экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту болды.  Акция аясында студенттер бекітілген аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, жасыл аймақтарды ретке […]

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті атынан Фараб кітапханасына ғылыми еңбектер табысталды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті атынан Фараб кітапханасына ғылыми еңбектер табысталды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ұстаздарының еңбектері Түркістандағы Фараб кітапханасына тапсырылды. Ғылыми маңызы бар туындыларды оқу ошағының проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар ҚР Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай арнайы барып табыстады. Фараб кітапханасына берілген монографиялардың санатында биыл 740 жылдық мерейтойы университет […]

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші курс студенттерін «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтына шақыру жиыны ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласынан келген аталмыш оқу орнының өкілдері қатысып, шәкірттерге білім беру жүйесін таныстырды. Ер балаларға арналған білім ордасының мақсаты – ілімге құмартқан азаматтарға жүйелі білім беру, классикалық […]

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Абай мұрасын дәріптейтін байқау ұйымдастырылды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Абай мұрасын дәріптейтін байқау ұйымдастырылды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығының басшылығымен хәкім Абайдың қара сөздерін исламтанушылық тұрғыдан талдау бойынша шығармашылық сайыс өтті. Шәкірттердің ғылыми жазу машығына үлес қосқан байқауға барлық факультеттен 20 студент қатысты. «Қазақ ойшылдары» апталығы аясында ұйымдастырылған сайыс Абай шығармашылығын дәріптеуге, […]

V Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы қорытындыланды

V Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы қорытындыланды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде талапкерлерге арналған V Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы аяқталды. Білім додасын түйіндейтін жиынға оқу ошағының ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар арнайы қатысты. Қорытынды іс-шарада университет ректоры сөз сөйлеп, талапкерлерге тілектестік білдірді: «Біздің университет Қазақстанда, жалпы Орта Азияда теңдессіз оқу ошағы […]

Жаңа оқу ғимаратының салынуына үлес қосқан ұстаздарға құрылыс барысы таныстырылып, алғыс хат табысталды

Жаңа оқу ғимаратының салынуына үлес қосқан ұстаздарға құрылыс барысы таныстырылып, алғыс хат табысталды Діни ілімді қоғамға насихаттап жүрген ұстаздар «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің игілігі үшін салынып жатқан жаңа оқу ғимаратының құрылысымен танысты. Университет проректоры Ершат Ағыбайұлы құрметті меймандарға құрылыс барысындағы жұмыстарды толық таныстырып шықты. Жаңа кешеннің бой көтеру барысына құрметті қонақтар оң баға беріп, […]