РЕКТОР БЛОГЫ

Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим

Университет ректоры, профессор, доктор

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАР!

Нұр-Мүбарак университеті Қазақстан  мен Египет Араб Республикасы арасындағы ұзақ уақыт үзілген діни бауырластықтың жаңа белесі.  Осыдан 19 жыл бұрын ашылған университет аяғынан тік тұрып, елге, дінімізге қажетті мыңнан аса  білікті мамандарды даярлап үлгерді. Оқу, білімді меңгеру қаншалықты зор еңбекті талап етсе, оның ел ішінде жемісінің көрінуі де ұзақ жылдардан кейін аңғарылады. Нұр-Мүбарак университетінің тамырын  әлемге әйгілі мыңжылдық тарихы бар әл-Азһар университетімен байланыстыруы – зор болашаққа нық қадам жасаудың белгісі. Нұр-Мүбарак университеті 2001 жылы ашылса,  әл-Азһардың тарихы 988 жылдан басталады, яғни 1030 жыл бұрын ашылған университетте бүгінде әлемнің 100-ден аса елінен студенттер білім алады. Қазақ елі ғасырлар бойы Әбу Ханифа  мәзһабын ұстанатындықтан, біздің университетке әл-Азһар университетінің осы мәзһабқа тән ғалымдары іріктеледі. Осы университетте маған дейін қызмет еткен әріптестерімнің еңбегін ары қарай дамытуға, білікті де білімді мамандар даярлап, дінімізге, екі ел арасындағы достықты нығайтуда қызмет ете беремекпіз.  Біз екі ел арасындағы білім жолындағы байланыс ислам әлеміндегі тың ғылыми жобалар мен қос мемлекет арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттырып, күллі мұсылман қауымының игілігі үшін үлес қосады деген үміттеміз!»

Құрметпен,      
Профессор, доктор Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

 
  • Туған күні: 01.12.1962
  • Туған жері: Мысыр, Луксор әкімшілік орталығы

БІЛІМІ:

  • 1982 жылы Әл-Әзһар колледжі аттестаты Республикалық деңгейде үздік ондықтың алтыншы орнын иелеген);
  • 1986 жылы Дағуат факультеті бакалвры (үздік);
  • 1993 жылы Дағуат факультеті, діндер мен мәзһабтар кафедрасы магистрі (үздік);
  • 1997 жылы Дағуат факультеті, діндер мен мәзһабтар кафедрасында бірінші
    дәрежелі дипломмен доктор (үздік).

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ:

  • 1988 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының қызметкері;
  • 1994 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының ассистенді;
  • 1998 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының оқытушысы;
  • 2003 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының доценті;
  • 2011 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының профессоры;
  • 2001-2009 жж. Сауд Арабия патшалығы Малик Халид университеті, Шариғат және дін негіздері факультетінің доценті қызметінде болған;
  • 2011-2018 жж. Дағуат факультеті деканы орынбасары;
  • 2018-2022 жж. Әл-Әзһар университеті, Дағуат факультеті деканы;
  • Әл-Азһар университетінің қауымдастырылған профессорлары мен профессорларының қызметін жоғарылату жөніндегі тұрақты ғылыми комитеттің мүшесі;
  • Замалек қаласындағы Жоғары Ислам зерттеулері институтының комиссия мүшесі;
  • Мысыр Уақыфтар министрлігі жанындағы мешіттердің сапасын бағалау комитетінің мүшесі;
  • Бүкіл ислам әлеміндегі имамдар мен уағызшыларды дайындайтын Әл-Азһар академиясының лекторы;
  • Халықаралық Ауқоф академиясының лекторы;
  • Каирдегі әл-Азһар түлектерінің халықаралық ұйымының оқытушысы;
  • Жаңа имамдарды даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі бағдарламалары бойынша оқытушы;
  • Мысыр Уақыфтар министрлігіне қарасты Ислам мәдениеті орталығының деканы (Байн әл-Сарайет);
  • Уақыптар министрлігінің мәдени орталықтарында оқытушы;
  • Әз-Әзһар мешіті дәрісханасының лекторы.

Ректордың жыл сайынғы жылдық есептері

Нұр-Мүбарак университеті 2018-2019 оқу жылында Қазақстанда және Орта Азияда орта исламды оқытудың үздік білім ордасы болуды жүезеге
асыру мақсатында білім беру, ғылыми-зерттеу, уағыз-насихат және қоғамдық іс-шараларға байланысты, төмендегідей жұмыстарды атқарды