УНИВЕРСИТЕТ ДИПЛОМЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Диплом мәліметтерінің тиісті ресімделу мен қорғау белгілері, бірегей жасалған сәйкестендіру нөмірі, QR-коды болады. Сондай-ақ дипломда Нұр-Мүбарак университетінде алған білімді халықаралық деңгейде мойындайтын халықаралық және Ұлттық аккредиттеу рейтингтік агенттігі көрсетіледі. Дипломның сәйкестендіру нөмірі нақты диплом иегерінің атына тіркеліп, Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) сақталады. Бұл жағдайлар дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.