ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР, МАГИСТРАНТТАР, ДОКТОРАНТТАР!

Құрметті достар, әріптестер, исламтану және дінтану саласындағы зерттерушілер, ізденушілер!

Сіздерді Нұр-Мүбарак университетінде қаңтардың 31 күнінен бастап, 1 семестр бойы жалғасатын дінтану және исламтану салаларындағы ай сайын өтетін ғылыми-методологияық семинарлардың басталатынын хабарлаймыз. Бұл семинарлар аясында біз пост секулярлы, пост колониалды кезеңдегі Ислам әлеміндегі:

– Пост секулярлы Қазақстандағы дін: негізгі проблемалар мен үрдістер;

– «Саяси ислам» (Исламизм): ғаламдық және жергілікті көріністері;

– Ислам және Ұлт: Ғаламдық Умма және ұлттық бірегейлік;

– Исламдағы билік концепциясы және қазіргі мұсылман қоғамдарындағы саяси жүйелер мен саяси режимдер;

– Ислам әлеміндегі гендерлік теңдік мәселесі;

– Ислам және Ғылым ара-қатынасы: тарихы және қазіргі жағдайы;

– Ислам және экономика: ғаламдық тенденциялар мен жергілікті ерекшеліктер атты тақырыптарды талдаймыз.

Әрбір семинардың аясында көтерілетін ғылыми сұрақтар мен спикерлер туралы ақпараттар НМУ сайтында алдын-ала жарияланатын болады. Аталмыш тақырыптарға қызығушылық білдіретіндерді семинарларымызға шақырамыз.

392