ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында I Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.

Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының басты мақсаты оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау арқылы дарынды оқушыларды қолдау.

Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың таңдауы бойынша пәндік олимпиада ретінде өтеді. Олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізіледі.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І-ші іріктеу кезеңі 2022 жылдың наурыз айының 15-17 күндері аралығында онлайн жүйесі арқылы өтеді,

ІІ-ші іріктеу кезеңі 2022 жылдың сәуір айының 19-21 күндері аралығында Алматы қаласында, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өтеді. Олимпиадаға тіркелу мерзімі ағымдағы жылдың 5 наурызға дейін болмақ. Олимпиадаға қатысу үшін www.nmu.edu.kz сайтында тіркелу қажет. Қосымша ақпаратты 8 777 302 09 66, 8 700 302 09 30 номерлеріне хабарласып алуға болады.

Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының жеңімпаздарына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқу үшін арнайы гранттар тағайындалады. Гранттың иегері 1-ші курсқа қабылданып, университетті бітіргенше тегін білім алады.

626