CALL FOR PAPERS

    2023 жылдың мамыр айының 19-20 күндері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығымен (ИРСИКА) бірлесе отырып «Қазақстандағы қолжазба қорлары: сақтау және зерттеу» атты тақырыпта халықаралық семинар өткізеді.

    Қазір Қазақстанда ислами (араб, парсы, шағатай, ескі түркі тілдерінде жазылған) қолжазбалар, араб жазуындағы құжаттар мен сирек басылым кітаптар қорлары мемлекеттік мекелелер мен орталықтарда, қоғамдық және жекелеген азаматтардың иелігінде сақталып келеді. Олардың бәрін мүмкіндігінше талапқа сай сақтай отырып, зерттеп-зерделеу, қажетіне қарай ғылыми айналымға енгізу, қолжазбалардың ортақ каталогын жасау маңызды.    

    Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстанда әртүрлі қорларда сақталып отырған ислами (араб, парсы, шағатай, ескі түркі тілдерінде жазылған) қолжазбалар мен сирек басылым кітаптарының қазіргі жай-күйімен таныса отырып, оларды ғылыми тұрғыда зерттеудің бүгіні мен болшағын жоспарлау, қолжазба саласын зерттеудің соңғы тәжірибелерімен алмасу, әлемдік деңгейдегі ислами қолжазбаларды, бірегей құжаттар мен сирек кітаптарды сақтау және зерттеудегі халықаралық тәжірибе үлгілерімен таныстыру.

     Семинардың өтетін орны: Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Тәуелсіздік залы. Басталу уақыты: 10:00.

             Халықаралық семинар жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Бірегей көне жазба деректердің сақталуын қамтамасыз ету: сақтау шарттары және деректерді сандық форматқа өткізу мәселесі;
  2. Көне жазба дереккөздерді консервациялау және қалпына келтіру. Сатып алу және археографикалық экспедицияларды ұйымдастыру арқылы қорларды кеңейту;
  3. Сала мамандарын дайындау және олардың біліктілігін арттыру жолдары. Халықаралық әріптестікті нығайту;
  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін дереккөздердің қолжетімділік дәрежесін арттыру. Қолжазбаларды ғылыми сипаттау және онлайн каталогтау мәселесі.

Халықаралық семинардың жұмыс тілі – қазақ, араб, орыс, түрік, ағылшын тілдері.

Семинар материалдары ғылыми мақалалар мен баяндамалар жинағы ретінде жарияланатын болады. Баяндамалар мен ғылыми мақалаларды ұсынудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 15 мамыры.

Семинарға қатысуларға біліктілігін арттыру туралы арнайы сертификат беріледі.

Халықаралық семинарға қатысуға ниет білдірушілер өз өтінімдерін ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 5 мамырына дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Өтініш формасы

  1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты
  2. Жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі
  3. Байланыс телефондары, электронды пошта
  4. Баяндаманың тақырыбы

 

Халықаралық семинар аясында көрме ұйымдастырылады:

1) Асылбек Орынбасаровтың ислам каллиграфиясы бойынша жеке көрмесі;

2) Каллиграфия бойынша «ИРСИКА халықаралық байқаулары лауреаттарының жұмыстары» халықаралық көрмесі.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Ғылым және инновация департаментінің директоры Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы. e-mail: nauka@nmu.edu.kz;

Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА), Муминов Әшірбек Құрбанұлы. e-mail: Muminov9703@yahoo.com

476