Безымянный12

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ
ХУСАМУДДИН АС-СЫҒАНАҚИДЫ ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ МАҢЫЗЫ

Хусамуддин ас-Сығанақи – қазақ халқының тарихында маңызды рөл атқарған ортағасырлық ғалым. Ғұламаны зерттеу арқылы халық өзінің рухани мұрасын, тарихи тұлғаларын тереңірек танитындықтан, Нұр-Мүбарак университетінің профессор Шамшадин Керім бастаған ғалымдары қазақ тарихы, мәдениеті мен ислам дінінің дамуында ерекше орын алатын ғалымның өмірі мен мұраларын жан-жақты зерттеуді үздіксіз жалғастырып келеді.

Бүгін НМУ-да өткен «Хусамуддин әс-Сығнақи: Алтын ордалық ізбасарлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР МА министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов бұл жайлы ерекше атап өтті.

Сондай-ақ осы тақырыптағы зерттеулер қазіргі қоғамдағы діни және рухани мәселелерді шешуде, діни төзімділік пен мәдени диалогты нығайтуда, жастар арасында отансүйгіштік пен ұлттық сана-сезімді дамытуда маңызды білім деп баға берді. Сондай-ақ проректор, PhD доктор Ершат Оңғар Ас-Сығанақидің еңбектері ислам ілімі, фиқһ, усул әл-фиқһ салаларында маңызды білім көзі болғандықтан, бүгінгі ғылыми конференцияға негіз болған отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері қазақ қоғамындағы діни білімді тереңдетіп әрі дәстүрлі ислам құндылықтарын нығайтуға ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Ал ғылыми жиынның «Қазақстандағы дәстүрлі ислам: ғылыми-тәжірибелік негіздері мен дамыту жолдары» бағдарламасы аясында ұйымдастырылғанын алға тартқан жоба жетекшісі профессор Шамшәдин Керім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, дәстүрлі исламды дамыту үшін қоғамда зайырлылық пен діни бірегейлікті сақтаудың өзектілігін баса айтты. Сондай-ақ профессор Ш. Керім ислам құндылықтарын кешенді зерттеу арқылы дәстүрлі исламды дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік тұжырымдаманы әзірлеу маңызы мен Х. әс-Сығнақи мұрасының зерттелуімен қоғамдық ішкі тұтастықты сақтаудың жолдарын көрсету мүмкіндіктері артады деген сенімде.