«Киберкеңеістіктегі діни дискурс: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Ұсыныстар

2024 жылдың 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ұйымдастырылған «Киберкеңеістіктегі діни дискурс: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының ресми өкілдері, сондай-ақ Америка Құрама Штаттары, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Қырғызстан және тағы басқа елдерден келген шетелдік ғалымдар қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша келесідей ұсыныстар қабылданды:

  1. Киберкеңістіктегі діни дискурс – адамдардың діни құндылықтары мен дін қағидаттарын сақтайтын және цифрлық қоғамның қажеттіліктеріне жауап бере алатын деңгейде болуы;
  2. Киберкеңістікті пайдаланушылар тарапынан көтерілген полигиния, әйел мәртебесі, діни фанатизм және т.б. мәселелер бойынша ислам дініне қарсы бағытталған айыптар мен күдіктерге жауап беру үшін ғалымдар мен дін мамандары электронды платформаларды пайдалану;
  3. Атеизм феноменіне және оны электронды платформалар арқылы насихаттауға қарсы іс-қимылда барлық дін көшбасшылары ынтымақтасуы керек;
  4. Діни дискурс жаңа цифрлық кеңістіктің талаптарына сай жаңарып, ұсынылуы қажет.
  5. Ислам дінін түсіндіруде цифрлық кеңістікті пайдаланудың мүмкіндіктерін арттыру және Ислам дініне қатысты ақпараттардың ғаламторда дұрыс берілуіне ықпал ету;
  6. Дін саласы мамандарына ислам ілімдерін үйрету мақсатында исламтану мамандығының онлайн оқу бағдарламасын дайындау.
  7. Білім беру және академиялық зерттеулермен айналысу үшін ислам ілімдерінің өзекті тақырыптарын қамтитын электрондық оқу бағдарламасын дайындау;
  8. Университет студенттеріне шет тілдерін (араб, ағылшын) оқыту үшін электронды оқу бағдарламасын әзірлеу.

Конференция төрағасы: профессор, доктор Мухаммад Әш-Шаххат Әл-Жинди (Университет ректоры)
Конференция ұйымдастырушы: PhD доктор, доцент Қайрат Қурманбаев (Университет проректоры)
Конференция хатшысы: PhD доктор Ықтияр Палтөре

15 зул-қида 1445 хижра
25 мамыр 2024 жыл