Қазақтың тұлғалы перзенті, классик жазушы, көрнекті драматург, публицист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков өмірден озуынабайланысты Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы бүкіл қазақ халқына, марқұмның
отбасы, ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Бұл халқымыз үшін, бүкіл қазақ әдебиеті үшін орны толмасқаза.
Дулат ағамыз 1942 жылы 20 желтоқсанда Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келген. Қазақмемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабар таратуында, «Жұлдыз» журналында, «Жалын» және «Жазушы» баспаларындақызмет еткен. Әдеби қызметін 1960-шы жылдары бастаған. «Бекет», «Өмір» атты көптеген шығармалардың, «Әпке», «Ректордыңқабылдау күндері» атты пьесалардың авторы. Оның шығармалары экранизацияланған, оның ішінде «Жұлдызыңды сақта», «Өмір» фильмдері бар. Сондай-ақ қазақпрозасы мен драматургиясының классигі «Қарғынды», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Сүйекші», «Ескерткіш», «Кішкентай ауыл», «Мұрагерлер», «Жүз жылдық махаббат» аттыеңбектерін қалдырды. Қазақ әдебиетінің ар-ожданы, халқының мақтанышы, қазақ прозасы мен драматургиясының өрісі мен өресін кеңейтіп, өз халқының болмысы менмұң-мұқтажын мәңгілік хат бетіне қалдырған
сөз шеберімен бірге дәуір көшті…
Қазақ халқының руханияты мен ұлттық болмысын сақтауда өлшеусіз еңбек атқарған Дулат ағамызды мейірімді Алла рахымына бөлеп, жаны пейіште болғай!
© Copyright 2024 All Rights Reserved